Ақорда сайтында жарияланған хабарламаға қарағанда құжаттың тақырыбы мен 2-3-тармақтары өзгертіледі.
Бұрынғы жарлық тақырыбы енді мынадай редакцияда жазылады:
«Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді 2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында запасқа шығару, сонымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз-тамызында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы».
2 және 3-тармақтар былай өзгереді:
«2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар 2020 жылдың наурыз-тамызында және қыркүйек-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы
2020 жылдың наурыз-тамызында және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін».
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.