Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда коронавирустан...

Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 1000-ға жетті

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың хабарлауынша, коронавирустан айыққан мыңыншы пациент Қызылорда облысында анықталып отыр. Ол — 30 жастағы әйел. Коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан 16 сәуірде Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Температурасы 38 градусқа дейін көтерілген, құрғақ жөтелі болған, әлсіреген. Дәрігерлер оның коронавирус жұқтырғанын және екіжақты пневмониясы барын анықтады. Жағдайы орташа ауыр деңгейде болды.

Ем курсынан соң араға 24 сағат салып екі қайтара зерттеу жүргізілген, нәтижесінде пациенттен инфекция табылмады. Енді ол 21 тәулік үйдегі карантинде болады.

Қазіргі кезде республика өңірлерінде ауруханадан шыққандар саны мынадай болды:

Нұр-Сұлтан — 268;
Алматы — 161;
Қызылорда облысы — 130;
Ақмола облысы — 75;
Атырау облысы — 71;
Қарағанды облысы — 68;
Жамбыл облысы — 48;
Түркістан облысы — 45;
Шымкент — 38;
Солтүстік Қазақстан облысы — 27;
Ақтөбе облысы — 16;
Алматы облысы — 14;
Батыс Қазақстан облысы — 14;
Маңғыстау облысы — 9;
Шығыс Қазақстан облысы — 8;
Павлодар облысы — 5;
Қостанай облысы — 3.