Өңірлерде жайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланып отыр.

Батыс Қазақстан облысы

3 мамырда топырақ бетін 2 градус ызғар басады.

Ақтөбе облысы

4 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

Қостанай облысы

3 мамырда жаңбыр, қар жауады. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, түнде кей жерде топырақ бетін 2 градус үсік басады. 4-5 мамырда ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

Ақмола облысы

3 мамырда күндіз кей жерде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 4-5 мамырда жаңбыр, қар жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей жерде секундына 15-20 метрге жетеді, ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

Нұр-Сұлтан

3 мамырда найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз жел екпіні секундына 15-18 метрге жетеді, 4 мамырда жаңбыр, қар жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді, 4-5 мамырда түнде 1-3 градус аяз болады.

Солтүстік Қазақстан облысы

3 мамырда күн күркірейді, солтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні секундына 15-20 метр жететін жел соғады. 4-5 мамырда жаңбыр, қар жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей жерде секундына 15-20 метрге жетеді, ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін төмендейді.

Павлодар облысы

4 мамырда түнде кей жерде жаңбыр, қар жауады. Күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей жерде секундына 15-20 метрге жетеді, ауа температурасы күндіз 7-12 градус жылыға дейін төмендейді. 5 мамырда түнде 1-6 градус аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысы

5 мамырда түнде кей жерде жаңбыр, қар жауады, күндіз найзағай ойнайды, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, ауа температурасы түнде 6 градус аязға дейін төмендейді.

Қарағанды облысы

3 мамырда күн күркірейді, шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жел екпіні кей жерде секундына 23 метрге жетеді. 4-5 мамырда жаңбыр, қар жауады, солтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. түнде 1-6 градус аяз болады.

Түркістан облысы

3 мамырда түнде таулы аудандарда күшті жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей жерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкент

3 мамырда түнде және таңертең найзағай ойнайды, дауыл тұрады, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.