Басты бетЖаңалықтарБірлік мерекесінде...

Бірлік мерекесінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста тұман түседі, солтүстікте ызғар болады.

Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерінде екпіні секундына 23 метрге дейін күшейетін жел соғады, Ақмола облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, топырақ бетін 1 градус ызғар басады. Нұр-Сұлтанда екпіні секундына 15-18 метрге жететін жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады. Павлодар облысында кей жерде найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 15-20 метр-секунд жел соғады, Қостанай облысында кей жерде тұман түседі. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады.