Елге келгенге дейін де Біріккен Араб Әмірліктерінде бірнеше күн карантинде болған бұл жолаушылардың бәрінен тиісті анализ алынып, қорытындысында аурудан таза болып шықты.
Енді Алматы облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, бұл азаматтарды тұрғылықты жерлеріне тегін жеткізіп салу жұмысы ұйымдастырылды. Атап өтсек, Талдықорған мен Текеліге жеткізілген 135 азаматтың 10-ы — Қостанай, 10-ы — Павлодар, тоғызы — Алматы, сегізі – Шығыс Қазақстан, алтауы – Ақтөбе, бесеуі – Ақмола, төртеуі – Жамбыл, екеуі — Батыс Қазақстан, екеуі – Маңғыстау, екеуі – Қызылорда, біреуі – Қарағанды, біреуі – Түркістан облыстарының тұрғындары. Сол сияқты 31-і – Алматы, 27-сі – Нұр-Сұлтан, 16-сы – Шымкент, 1-уі — Байқоңыр қалаларына тұрғылықты жері бойынша жөнелтіледі.
Алдын ала тиісті облыстар мен қалалардың жедел штабтарына Дубайдан қайтқан азаматтар туралы ақпараттар беріліп, қабылдап алу мәселесі келісілді.
Облыстың бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің айтуынша, бәрінің денсаулығы қалыпты. Жауапты мамандар қонақтарды Көксу ауданының шекарасына дейін шығарып салады.