Басты бетҚоғамӘлеуметтік қамсыздандыру...

Әлеуметтік қамсыздандыру бөлім қызметкерлерінің жұмысы 4 есе артты

Қазіргі уақытта Президенттің қайта есептеу жөніндегі  шұғыл тапсырмасын орындау үшін 21  аудандық және қалалық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің 280-ге жуық қызметкері  күшейтілген режимде қызмет көрсетіп жатыр.

Жұмыс кестесі таңғы сағат 8.00-ден басталып түн ішіне дейін жалғасады. Мамандар азаматтардың өтініштерін қабылдайды, тексереді және уәкілетті органға жолдайды. Әлеуметтік сақтандыру жөніндегі мемлекеттік қордың растауынан кейін құжаттарды төлем жасау үшін базаға енгізеді.

Төлемді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері тағайындайды және бекітеді. Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің  қызметкерлері оларды өңдеп, төлем жасауды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытқа дейін  республика бойынша келіп түскен 5 миллионға жуық өтініштің 340 мыңға жуығы — Алматы облысының  үлесінде.