Госпитальда қабылдау және диагностикалық бөлімшелер, дәріхана, операциялық блок пен жансақтау бөлімшесі бар. Сонымен қатар рентген тексеруі, өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттарымен жабдықталған.
Жылыту жүйесі және кондиционермен жабдықталған. Дәретхана мен жуыну бөлмелері де қарастырылған.
Госпиталь жанында 300 орындық екі ғимарат та дайын тұр. Оған қоса 500 орындық шатырлы лагерь ашылған. Олар карантин кезеңінде пайдаланылады.