«Елбасының тапсырмасымен еліміздегі барлық облыстарда кардиоxирургиялық бөлімдер желісі ашылды. Астанада медициналық кластер іске қосылды. Жүрекке, миға бұрын болмаған операциялар жасау қолға алынып отыр. Осының нәтижесінде xалықтың орташа өмір сүру ұзақтығы ұлғайды. Мысалы, Тәуелсіздік алған алғашқы 1991 жылды мысалға алатын болсақ, өмір сүру ұзақтығымыз ол кезде 67 жас болған. 25 жылда аталған көрсеткіш 5 жасқа ұлғайып отыр. Сонымен қатар, ана өлімі бес есе, бала өлімі үш есеге азайған», — деді Бақытжан Сағынтаев бүгінгі Үкімет отырысында.
Отырыс барысында баяндама жасаған денсаулық және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында медициналық қызметтердің сапасын барынша көтеру жоспарланып отырғанын айтты.