Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда кәсіпкерлерге...

Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған мобильдік қосымша шықты

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Atameken Services бизнеске электрондық қызметтер көрсету бойынша «Бірыңғай терезе» жобасын іске қосты. Ол бизнес үшін 2016 жылғы 1 қарашадан бастап қолжетімді болады. Енді кәсіпкерлер осы қосымша арқылы ұялы телефон, планшет немесе компьютерді пайдалана отырып, «Атамекен» ҰКП көрсетілетін қызметіне қашықтықтан тапсырыс бере алады.

 

Бүгінгі таңда Atameken Services көрсетілетін қызметтер тізілімінде қаржылық емес қолдаудың 8 бағыты бойынша 76 тегін қызмет, сондай-ақ деректемелерден заңды тұлға туралы ақпарат іздеу бойынша көрсетілетін қызмет, атап айтқанда, мемлекеттік сатып алумен, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер, бухгалтерлік және салық есептілігін жүргізу, статистикалық есептілік құрастыру және менеджмент жүйелерін енгізу процесін толық сүйемелдеу қолжетімді.

Одан басқа, қосымша қызметтеріне ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар, менеджмент, маркетинг мәселелері бойынша қызметтер, кедендік рәсімдер, заңгерлік қызметтер кіреді.

AGILE әдістемесі бойынша ҰКП қолданыстағы электрондық көрсетілетін қызметтерін бір терезеге шоғырландыру бойынша жұмыстар жалғасады. Бұл ай сайын қолжетімді қызметтер санын ұлғайтуға және кәсіпкерлердің сұратулары негізінде қосымшалар эргономикасын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

 

Дереккөзstrategy2050.kz