Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп бүгін өтетін сайлау алдында соңғы жиындарын өткізді. Қоғамдық пікір сауалнамасы бойынша, бұл штаттардағы бәсекелестік шарықтау шыңына жетті. Жалпы ел бойынша Клинтон алда келеді. Республикалық партия үміткері соңғы насихат күнін Флоридада бастады, кейін Солтүстік Каролинаға аттанды. Сауалнамаға сәйкес, екі шатта да Клинтон алда келеді, бірақ ол үлкен басымдыққа жете алмады.
Сentralasian.org-тың хабарлауынша, Дональд Трампқа президент болу үшін Флорида мен Солтүстік Каролинада жеңіске жету керек. Бірақ АҚШ-тың келесі президенті болу мүмкіндігі Клинтонде көбірек. Клинтон сайлау қарсаңында Пенсильвания мен Мичиганда митинг өткізеді. Трамп та сол штаттарда, сондай-ақ Нью-Гемпширдегі жиынға қатысады.
Айта кетейік, бұған дейінгі Барак Обама екі мерзім, (2008 жылы, 2012 жылы) АҚШ Президенті болып сайланды. 2017 жылдың 20 қаңтарында Барак Обама қызметінен ресми түрде кетіп, жаңа президент төрт жылдық қызметіне кіріседі.