Қарттар үйінің 93-тегі тұрғыны коронавирустан жазылды

Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарттар үйінің тұрғындары астанадағы № 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында 7 сәуірден бастап емделген.

Науқастардың арасында 1927, 1933, 1944, 1955, 1961 жылғы әйелдер мен 1978, 1984 жылы туған ер адамдар бар. Пациенттер дәрігерлерге берген медициналық көмегі мен жасаған қамқорлығы үшін алғыс айтты. Дәрігерлерге өлең де арнады, — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанда коронавирусты барлығы 433 адам жұқтырды, 207 адам инфекциядан жазылды.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысының Аққайың ауылындағы «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай коронавирус тарағаны хабарланған еді. Нұр-Сұлтан іргесіндегі қарттар үйінің үш тұрғыны коронавирустан қайтыс болды.