Басты бетҚоғамТанымал актерлар...

Танымал актерлар «Карантин онлайн» жобасына сұхбат береді

Жобаны тізгіндеуші — театр актеры Қанат Архабаев. Оқырмандар әр күн сайын театрдың Instagram парақшасынан еліміздің түкпір-түкпіріндегі кино саласының танымал тұлғалары, өнер адамдарымен жүргізілген сұхбатты тамашалай алады.

Бұл жобаның мақсаты — Қазақстанның барлық театры мен басқа да өнер салалары арасында байланысты нығайту, — дейді театртанушы Ұлбосын Қылышбаева.

Эфир қонағы жүргізушімен белгілі бір тақырып төңірегінде пікір алмасады. Көрермен сауалдары да жауапсыз қалмайды.

Аймағымызға белгілі адамдармен, өзіміздің әріптестерімізбен тікелей эфирде сұхбат жүргізіледі. Тікелей эфирдегі алғашқы қонақ — Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының талантты актрисасы, «Серпер» сыйлығының иегері Зарина Кармен, — деді театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ұлбосын Қылышбаева.