Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтан волонтерлары...

Нұр-Сұлтан волонтерлары 1000 үйге азық-түлік апарып берді

Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісі бірлестіктің үйлестірушісі Динара Бекмағамбетоваға сілтеме жасап хабарлады.

Карантин кезінде клуб астанадағы 1000 отбасыға көмек берді. Сонымен қатар қала маңындағы елді мекен тұрғындарына да қолдан келген көмегімізді беріп жатырмыз. Біздің волонтерлар көмек сұраған отбасыларға күн сайын азық-түлік жеткізіп береді, — деді ұйым өкілі.

«Астана қайырымдылар клубы» қозғалысының 1000-ға жуық волонтеры бар. Оның 70-і белсенді. 10 волонтердың карантин кезінде Нұр-Сұлтанда жүріп-тұруға арнайы рұқсат қағазы бар. Мұқтаж отбасыларға азық-түлік жеткізумен негізінен солар айналысады.

Клубқа волонтер болуға ниеті бар кез келген адамды қабылдаймыз, бірақ клубтың ішкі ережелері бар. Волонтер айына бір рет кезекші болуы, көмек сұраған отбасыларды тексеруі және өткізілетін іс-шараларға белсене қатысуы керек. Әрине, белсенді жандарды клубымызға шақырамыз, — дейді Динара Бекмағамбетова.