Қайтыс болған әйел адам 1964 жылы дүниеге келген. Оның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны 17 сәуірде анықталды. Науқас созылмалы бүйрек ауруымен, бүйрек анемиясымен, созылмалы жүйелі қызыл жегімен, қант диабетімен, екіжақты полисегмент пневмониямен ауырған. Сырттай жасанды желдету нәтиже бермегеннен кейін ол ағзаға салынатын өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сонымен бірге толық гемодиализ сеансы жүргізілді.
23 сәуір күні сағат 06.30-да пациенттің көп органы жұмыс істемей, қанайналымы тоқтаған. Жарты сағат бойы жасалған реанимация нәтиже бермей, әйел адам жүріп кетті.
Алматыда коронавирустан осымен алтыншы адам қайтыс болып отыр. Қазақстан бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны 20-ға жетті: Алматыда алты адам, Ақмола облысында төрт адам, Шымкентте үш адам, Нұр-Сұлтанда екі адам, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарында бір-бір пациенттен көз жұмды.
Қазір елімізде коронавирусты барлығы 2 207 адам жұқтырғаны белгілі болып отыр. Аурудан 536 адам жазылды.
Коронавирус жұқтырғандар Алматыда ең көп тіркелді: 735 жағдай. 88 науқас инфекциядан айықты. Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жартысынан көбі — медицина қызметкері.