Еуразиялық экономикалық комиссия дүниежүзінде жарияланған пандемияға байланысты бірқатар азық-түлік түрін осы жылдың 30 маусымына дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен өзге елдерге шығаруға тыйым салған. Тізімге күріш те енді. Күрішшілердің алаңдаушылығынан кейін Кәсіпкерлер палатасы бұл мәселеге араласып, «Атамекеннің» Орталық аппаратына ұсынысын берген. Нәтижесінде күрішшілер кедергісіз тауарларын экспортқа шығару мүмкіндігіне ие болды.
Ғалымбек Жақсылықов Кәсіпкерлер палатасымен 16 наурыздан бастап бүгінге дейін аймақ кәсіпкерлеріне барлығы 199 сертификат рәсімделгенін айтты. Оның ішінде экспортқа күріш, балық, мұнай, газ, руда және өнеркәсіп өнімін шығару үшін 182 сертификат берілсе, ішкі айналымға арналған «СТ-КЗ» формалы 17 сертификат күрішке, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарына, құрылыс материалдарына берілген.
Экспортқа шығарылған тауарлардың басым бөлігі ТМД елдеріне, Ресей, Тәжікстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина елдеріне жіберілген. Сонымен қатар Монғолияға, Тайваньға тауарлар экспортталған.
«Эль-Панда» ЖШС, «Най-Мир» ЖШС, «Аза-Мир» ЖШС, «Абай Даулет» ЖШС, «Жан Арай» ЖШС, «ГАИС» ЖШС, «Ристорг капитал» ЖШС, «Рза Агро» ЖШС, «Bai Dala» ЖШС, «Асыл дән ЛТД» ЖШС, «Жеңіс» ЖК сияқты кәсіпкерлік субъектілері күріш, күріш сынықтары (дробленый) және күріш кебегін, «Балауса» ЖШС руда, «Ай-Дан-Мұнай» ЖШС, «Саутс-Ойл» ЖШС, «ҚұмкөлТранс» ЖШС мұнай және газ, «СЗЦ «Арал» ЖШС, «СПК Қызылорда Балық» ЖШС балық және балық өнімдерін, «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС цемент шығарған.
Төтенше жағдайға қарамастан өңірімізде экспортерлер қатарына бірқатар жаңа кәсіпкерлер қосылды. «Углесбыт» ЖШС, «СЗЦ «Карашалаң» ЖШС, «Акбасты» өндірістік кооперативі, «Жамбыл» өндірістік кооперативі, «Мырзағазиев Ж.М.» ЖК, «Казкаучук» ЖШС Кәсіпкерлер палатасынан күріш, балық, өнідіріс өнімдері үшін экспорттық сертификаттар алған.