Басты бет Жаңалықтар Жапон халқы бақыт гүліне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін берді

Жапон халқы бақыт гүліне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін берді

Жапон жұрты бақыт гүлінің жаңа түрін өсіріп, оған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін берді. "Президент-Назарбаев" гүлін Кайдзука қаласының билігі жұртшылыққа арнайы таныстырды. Бұл туралы Хабар24 тілшісі хабарлайды.

Күншығыс елінің халқы үшін хризантеманың орны ерекше. Сондықтан жапондықтар жылда бақыт гүлінің жаңа тұқымын ойлап тауып, одан әрі көрікті болуына күш салып жатыр. Соңғы бес жылдан бері елу мың гүлдің ішінен әдемілігімен әйгіленген хризантеманың ендігі атауы — «Президент Назарбаев». Оны Кайдзука қаласының билігі жұртшылыққа арнайы таныстырды. Осы уақытқа дейін бірде-бір әлемдік саясаткер мұндай құрметке ие болмаған.

«Біз ең жоғарғы сұрыпты гүлге Назарбаев атауын беруді жөн санадық. Өйткені сіздердің Президенттеріңіздің бойынан кемеңгерлікті, даналықты көреміз. Жұрт бұл гүлді бақыттың және ақылдылықтың белгісі деп біледі. Міне осыны ескеріп, сондай-ақ екі елдің қарым-қатынсының ары қарай нығаюын көздеп, осы атауды беруді ұйғардық», — дейді гүл өсіру өндірісінің президенті Жунсуке Кишиваки.

Президент-Назарбаев гүлінің ұзындығы 1 метр 85 сантиметр болса, диаметрі 30 сантиметрден асады.

Айта кетейік, 1876 жылы Император Мейдзи гүлдің әдемілігін жоғары бағалап, абыройын асырған. Дәлірек айтсақ, ең үлкен марапаттарды хризантемамен байланыстырды. Сол уақыттан бері ол награда санаулы саясаткерге тапсырылған. Соның бірі — біздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. 2008 жылы Император Акихито Қазақстан Республикасының Президентіне Үлкен лентадағы Хризантема орденін таққан еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version