Басты бетҚоғамҚызылорда облысында...

Қызылорда облысында COVID-19 пандемиясынан 25 адам жазылды

Пациенттің емі толық аяқталғаннан кейін екі рет қайталама зертхана талдамасы жасалды. Нәтиже теріс көрсеткендіктен, яғни инфекция анықталмаған себепті пациент ауруханадан үйіне шығарылды.

Емделуші — Қармақшы ауданының тұрғыны. Енді ол 14 күн бойы аймақтық дәрігердің бақылауында болады.

Бұған дейін Қызылорда өңірінде COVID-19 пандемиясынан жазылған 24 адам тіркелген.