Мамандардың мәліметінше, циклон және оның таралымдарының ықпалынан еліміздің көп өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады.
Ауа температурасы күндіз 15-23 градус жылыдан 8-16 жылыға дейін төмендейді. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысына ғана оңтүстіктің жылы ауасы келіп, бұл өңірлерде күн шуақты, құрғақ және өте жылы болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.