Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда екі...

Қазақстанда екі банктің депозит ашуға берілген лицензиясы тоқтатылды

Ұлттық банк лицензия екі банктің банк заңнамаларын бұзғаны үшін және ішкі қадағалау жүйесін жақсарту мақсатында тоқтатылды дейді. Сонымен қатар орталық банк бұл лицензияның бұған дейін ашылған депозиттер мен банктің осыған дейін тартқан клиенттеріне және заңды тұлғаларға депозит ашуына қатысы жоғын айтады.

Айта кетейік, 2016 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, «Қазинвестбанктегі» жеке тұлғалар ашқан депозит көлемі 16 миллиард теңге (47 миллион доллар), Delta bank-тегі жеке тұлғалардың депозиті 11,5 миллиард теңге (33 миллион доллар) болған.

Ұлттық банк мәліметіне қарағанда, 2016 жылдың қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, барлық екінші деңгейдегі банкте жеке тұлғалардың депозитке салған қаржысы жеті триллион теңгеден (21 миллиард доллар) асқан.

Дереккөзazattyq.org