Астанаға қыс келді. Қазақстанға қыс келді деп те жазуға болар еді, бірақ шын мәнінде елдің кей өңірлерінде алғашқы қар ерте түсіп қойған. Сондықтан бұл жолы Астанаға қар бірінші жауған жоқ.
Ал «Қазгидромет» кәсіпорнының жетекші инженер-синоптигі Әсия Рақымова Астанада көктайғақтың тағы екі күн сақталатынын хабарлап отыр.
Синоптиктің мәліметінше, алдағы күндерде еліміздің басым аумағында күн жауын-шашынды болады. «Жауын-шашынды болады деп болжап отырмыз, қар жауып, кей жерлерде бұрқасын болады. Тек батыс пен солтүстік-батыста күн ашық болады деп күтіліп отыр. (…) Екінші және үшінші тәулікте батыстың кей жерлерінде жауын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Солтүстік, орталық және солтүстік-батыста жауын-шашын тоқтайды. Күн ашық болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда 24 қазанда жа