Басты бетЖаңалықтарҚазақстан Қытайға...

Қазақстан Қытайға наразылық нотасын жолдады

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытай елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесіндегі мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сай келмейтіні айтылды.

Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті. Сонымен бірге Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады, — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, аталған мақалада автор «Қазір Қазақстан әлімсақтан Қытайға тиесілі болған аумақты иеленіп отыр» деген ой айтқан.