ForteBank Абай әнімен Қазақстан азаматтарын біріктірді

Қазақстан азаматтары көктемде алаңдарды, саябақтарды аралап, серуендеуге дағдыланған. Бірақ биыл төтенше жағдайға байланысты барлық іс-шара тоқтатылып, тұрғындарға үйде болуға кеңес беріліп жатыр. Сондықтан ForteBank көпшілікті қуантудың жолы ретінде #SaveNauryz флешмобын іске қосты.

флешмоб, форте банк
Фото: Forte Bank баспасөз қызметі

Флешмобтың талабы қарапайым: 21-29 наурызы аралығында Наурыз мерекесіне арналған бейнеқұттықтау жазып, содан кейін #SaveNauryz хэштегін белгілеп, әлеуметтік желілерге жариялау керек еді. Кейінірек қаржы ұйымы флешмобқа қатысудың тағы бір жолын ұсынды. Қатысушылар «Көзімнің қарасы» әнін орындап, бейнеге түсіруі керек. Негізгі шарт — үйде болу.

Жақында ForteBank флешмобтың қорытындысын жариялады. Абай әндерін ең жақсы орындаушылардың видеосынан бейнеролик жасап, жариялады. Алғашқыда ұйымдастырушылар флешмобқа қатысушылар көп болатынына үміттенген. Себебі, Қазақстан – қонақжай, мейірімді және талантты адамға толы ел. Акцияның нәтижесі олар күткен межеден де асып түсті. Бірінші күні флешмобқа 1000-нан астам әртүрлі жастағы тұрғын қатысқан. Шараның соңына дейін барлығы 2500 адам өздерінің бейнеқұттықтауын жолдапты. Осылайша, Қазақстан халқы бірігіп, бір-біріне мерекелік лебіздерін білдірді. Карантин жағдайына қарамастан Наурыз мейрамын қуана қарсы алды.

Видеоның соңында ForteBank карантин күндері үйінде болған барлық азаматқа алғыс айтады және кез-келген банк қызметін online түрде пайдалануға болатынын ескертеді.

Музыка — бұл таңқаларлық нәрсе. Бұл бізді біріктіреді, шабыттандырады және жігер береді. Жүздеген қазақстандық Абайдың әнін шырқап, оны мәңгілік мұра екенін дәлелдеді. Оларға қосылыңыз, ән айтыңыз, бірақ бастысы — карантин күндері үйде болыңыз. Төтенше жағдайды тезірек жақсарту үшін оған бірге қарсы тұруымыз керек, — делінген Youtube-тегі видеода.