Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, І тәуекел тобына (20 ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) немесе 850 мың теңге) жататын инфекция стационарындағы дәрігерлер саны — 9, орташа медицина қызметкері — 14, кіші медицина қызметкері — 12 (Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, Жаңақорған ауданаралық ауруханасы).
ІІ тәуекел тобына (10 ЕТЖ немесе 425 мың теңге) жататын провизор стационардағы дәрігер саны — 24, орташа медицина қызметкері — 95, кіші медицина қызметкері — 42 (Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жаңақорған ауданаралық ауруханалар, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы және облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы).
ІІІ тәуекел тобына (5 ЕТЖ немесе 212,5 мың теңге) жататын карантин стационарындағы дәрігердің саны — 15, орташа медицина қызметкері — 64, кіші медицина қызметкері — 72 , жедел жәрдем жүргізушісі — 28 (Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханалар, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы).