Науқастар қатарына қосылғандардың арасында дәрігерлер, орта және кіші буын және басқа да медицина мамандары бар.
Полисегмент пневмониямен ауыратындықтан екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық, — деп хабарлады қоғамдық денсаулық басқармасы.
Өткен 2 тәулік ішінде барлығы 27 медицина қызметкері ауру жұқтырып отыр. Бұған дейін 12 қызметкер коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.