23.00-дегі мәлімет:

Алты адамнан коронавирус инфекциясы табылды: Шымкентте екі, Алматы облысында бір, Қарағанды облысында бір, Батыс Қазақстан облысында бір, Түркістан облысында бір науқас тіркелді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 865-ке жетті.

Өңірлерде тіркелген дерек саны: Нұр-Сұлтан — 231, Алматы — 137, Қызылорда облысы — 116, Қарағанды облысы — 63, Ақмола облысы — 61, Атырау облысы — 59, Жамбыл облысы — 46, Түркістан облысы — 36, Шымкент — 35, Солтүстік Қазақстан облысы — 25, Ақтөбе облысы — 11, Алматы облысы — 11, Маңғыстау облысы — 9, Павлодар облысы — 9, Батыс Қазақстан облысы — 7, Шығыс Қазақстан облысы — 6, Қостанай облысы — 3

Инфекциядан 81 адам сауықты, 10 адам қайтыс болды.

16.15-тегі мәлімет:

Шымкентте екі науқас аурудан айықты. Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 81-ге жетті: Нұр-Сұлтан — 34 адам, Алматы — 37 адам, Ақтөбе облысы — 1, Алматы облысы — 1, Жамбыл облысы — 3, Павлодар облысы — 1, Солтүстік Қазақстан облысы — 1, Қарағанды облысы — 1, Шымкент — 2 адам.

15.40-тағы мәлімет:

Тағы да қуанышты хабар: коронавирустан 11 адам айықты! Алматыда тоғыз адам, Жамбыл облысында екі адам ауруханадан шықты.

Аурудан айыққандардың жалпы саны 79-ға жетті: Нұр-Сұлтан — 34 адам, Алматы — 37 адам, Ақтөбе облысы — 1, Алматы облысы — 1, Жамбыл облысы — 3, Павлодар облысы — 1, Солтүстік Қазақстан облысы — 1, Қарағанды облысы — 1 адам.

14.00-дегі мәлімет:

Нұр-Сұлтанда үш, Қарағанды облысында бір пациент ауруханадан шықты. Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 68-ге жетті.

Сонымен Нұр-Сұлтанда барлығы 34 адам, Алматыда 28 адам, Ақтөбе облысында 1, Алматы облысында 1, Жамбыл облысында 1, Павлодар облысында 1, Солтүстік Қазақстан облысында 1 және Қарағанды облысында 1 адам вирустан жазылды.

12.40-тағы мәлімет:

Коронавирус жұқтырғандардың қатары 19 адамға көбейді: Нұр-Сұлтан — 2, Алматы — 9, Шымкент — 2, Қарағанды облысы — 1, Павлодар облысы — 5.

Қазақстанда анықталған жағдайлардың жалпы саны 859-ға жетті.

Өңірлерде тіркелген дерек саны: Нұр-Сұлтан — 231, Алматы — 137, Қызылорда облысы — 116, Қарағанды облысы — 62, Ақмола облысы — 61, Атырау облысы — 59, Жамбыл облысы — 46, Түркістан облысы — 35, Шымкент — 33, Солтүстік Қазақстан облысы — 25, Ақтөбе облысы — 11, Алматы облысы — 10, Маңғыстау облысы — 9, Павлодар облысы — 9, Шығыс Қазақстан облысы — 6, Батыс Қазақстан облысы — 6, Қостанай облысы — 3

COVID-19 инфекциясынан 64 адам жазылып, ауруханадан шықты: Нұр-Сұлтанда 31 адам, Алматыда 28 адам, Ақтөбе облысында 1, Алматы облысында 1, Жамбыл облысында 1, Павлодар облысында 1, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам.

Коронавирус 10 адамның өмірін қиды. Өңірлердегі қайтыс болған науқастар саны: Нұр-Сұлтан — 1, Алматы — 2, Шымкент — 1, Ақмола облысы — 3, Қарағанды облысы — 1, Павлодар облысы — 1, Түркістан облысы — 1.

10.00-дегі мәлімет:

Коронавирус инфекциясы тағы 28 адамнан табылды: Нұр-Сұлтанда бір, Алматыда бес, Атырау облысында 11, Қызылорда облысында 11 науқас тіркелді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 840 адам белгілі болды.

Өңірлердегі жағдайлар саны: Нұр-Сұлтан — 229, Алматы — 128, Қызылорда облысы — 116, Ақмола облысы — 61, Қарағанды облысы — 61, Атырау облысы — 59, Жамбыл облысы — 46, Түркістан облысы — 35, Шымкент — 31, Солтүстік Қазақстан облысы — 25, Ақтөбе облысы — 11, Алматы облысы — 10, Маңғыстау облысы — 9, Шығыс Қазақстан облысы — 6, Батыс Қазақстан облысы — 6, Павлодар облысы — 4, Қостанай облысы — 3

00.00-дегі мәлімет:

Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша барлығы 812 жағдай белгілі болды. Өткен тәулікте 31 жағдай тіркелді.

Өңірлердегі тіркелген жағдайлар саны: Нұр-Сұлтан — 228, Алматы — 123, Қызылорда облысы — 105, Ақмола облысы — 61, Қарағанды облысы — 61, Атырау облысы — 48, Жамбыл облысы — 46, Түркістан облысы — 35, Шымкент — 31, Солтүстік Қазақстан облысы — 25, Ақтөбе облысы — 11, Алматы облысы — 10, Маңғыстау облысы — 9, Шығыс Қазақстан облысы — 6, Батыс Қазақстан облысы — 6, Павлодар облысы — 4, Қостанай облысы — 3

COVID-19 инфекциясынан 64 адам жазылып, ауруханадан шықты: Нұр-Сұлтанда 31 адам, Алматыда 28 адам, Ақтөбе облысында 1, Алматы облысында 1, Жамбыл облысында 1, Павлодар облысында 1, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам. 

Коронавирус 10 адамның өмірін қиды. Өңірлердегі қайтыс болған науқастар саны: Нұр-Сұлтан — 1, Алматы — 2, Шымкент — 1, Ақмола облысы — 3, Қарағанды облысы — 1, Павлодар облысы — 1, Түркістан облысы — 1.