Алматыдағы ең қауіпті жол қиылысы анықталды

Мұндай мәліметті Қазақстан Республикасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитет беріп отыр. Сондай-ақ, прокурорлардың айтуынша, жол-көлік апаттарының саны жағынан оңтүстік астанамыз әлі де көш бастап тұр екен. Қазақстанда 2015 жылдағы 11 айдың ішінде 17 283 көлік апаты тірлкелсе, соның үштен бірі тек Алматы қаласында орын алған.

Ең көп жол-көлік апаты орын алатын көшелердің картасы жасалып, ол Бас Прокуратураның сайтына орналастырылған.

2015 жылғы рейтинг бойынша ең көп жол апаты орын алатын көше – Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысы болып отыр. Жыл басынан бері бұл қиылыста 47 апат болып, біршама адамның өмірін қиған. Ал екінші орында жетінші қалалық аурухана маңы, яғни Әуезов көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысы тұр. Мұнда 39 көлік апаты орын алған. Үшінші кезекте -Өтеген батыр мен Төле би көшелерінің қиылысы – «Сайран» автобекетінің маңы. Бұл жерде 1 қаңтардан бері 38 жол-көлік апаты болған.

Абай мен Саин көшелерінің қиылысы және Момышұлы мен Ақын Сара көшелерінің қиылысы төртінші орынға тұрақтапты: мұнда 32 апат орын алған.

«Саяхат» автобекеті аймағына ( Пушкин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысы) прокурорлар бесінші орынды беріпті. Онда 31 көлік апаты орын алған.

Дереккөзstan.kz