Басты бетЖаңалықтарАтырауда Ресеймен...

Атырауда Ресеймен шекаралас ауыл халқы үшін пойыз жүре бастады

Бұрын облыс орталығына жету өте қиын болатын. Мына жерде Шортанбай, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Қиғаш елдімекендері бар. Бәріміз қалаға таксимен қатынайтынбыз. Қазір бәрі оңайлады. Осы жерден билет сатып алып, пойызбен жетіп қалатын болдық. Аймақ басшылығына рахмет!, — дейді Дина Нұрпейісова аулының тұрғыны Әлімғали Исмайылов.

Ауыл тұрғындары бұған дейін Атырау қаласына жету үшін Құрманғазы ауданының орталығындағы жалғыз стансаға баратын.

Айта кетелік, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев шілде айында Құрманғазы ауданына 4 күндік жұмыс сапармен барып келген болатын. Сапар барысында аудан тұрғындары аймақ басшысының алдына көптеген мәселелер қойды. Солардың бірі болып аталған 4 ауыл тұрғындарына темір жол стансасының керектігі сөз болған еді. Кездесуде аймақ басшысы, бұл жерге пойыз тоқтатудың қаржылық тұрғыдан тиімсіз екенін, әйтсе де қарапайым халықтың қамы үшін жергілікті бюджеттен субсидия бөлетіндігін айтқан еді. Арада бір ай өткен соң – қыркүйек айында мәселе шешімін тауып отыр.