Басты бет Медицина Спирт, сутегі пероксиді, глицерин: антисептикті қолдан жасауға болады

Спирт, сутегі пероксиді, глицерин: антисептикті қолдан жасауға болады

Ағзаны коронавирус инфекциясынан қорғайтын антисептикті қолдан жасап алуға болады. Оның амалын Алматы облысының обаға қарсы күрес станциясының қызметкерлері түсіндіріп берді.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Sha_G

Антисептик жасау үшін 96% этил спирті, 3% сутегі пероксиді, глицерин майы, қайнаған су және шприц қажет. Мұның бәрін дәріханадан сатып алуға болады,  қымбат емес. Антисептиктің көлеміне қарай оның құрамындағы қоспаларды түрліше мөлшерлеуге болады.

Мысалы, 240 миллилитр антисептик дайындау үшін 200 миллилитр этил спирті, 10 миллилитр сутегі пероксиді, 4 миллилитр глицерин майы және 26 миллилитр қайнаған су қажет. Оның барлығын бір ыдысқа құйып, араластырамыз. Қайнаған суды суытып барып қосқан дұрыс. Қоспалардың мөлшерін есептеу үшін шприцті қолдануға болады, — дейді обаға қарсы күрес станциясының Жаркент бөлімшесінің дезинфекторлары.

Кейбір адам антисептиктің орнына алкогольді ішімдікті немесе этил спиртін пайдаланады. Оның пайдасы да, зияны да бар.

Таза спирт немесе алкогольді ішімдік қолдың терісін құрғатады. Ал антисептиктің құрамындағы глицерин майы теріні ылғалдандырады, сутегі пероксиді микробтарды өлтіреді, — дейді мамандар.

Дайын антисептикті қақпағы жабық құтыға құю керек. Мысалы, сусабын ыдысына құюға болады. Дезинфекция жасаушы қызметкерлердің айтуынша, антисептик үшін хош иіс шығаратын препаратты немесе бояғыш заттарды қолданбаған дұрыс, себебі адамдардың бір тобында мұндай қоспалардан аллергия пайда болуы мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version