Басты бетЖаңалықтарАстанадағы электронды жолақы төлеу жүйесі қалай жұмыс істейді?

Астанадағы электронды жолақы төлеу жүйесі қалай жұмыс істейді?

Төлем жүргізуге арналған ASTRA электронды карталары 3 топқа бөлінеді:

  1. Толықтырып отыруға болатын карта
  2. Мектептік карта
  3. Жеңілдіктері бар карталар.

Үйреншікті билеттер мен әрі қолма-қол ақшамен де төлем жүргізуге болады.

нұсқаулық

Жол жүру құны

  • Қала ішіндегі бағыттар үшін — 90 теңге;
  • Экспресс бағыттар — 150 теңге;
  • Қала маңындағы бағыттарға қатынау құны аймақтарға байланысты 100-400 теңге аралығында.

Картаны қайдан алуға болады?

  • Автобустар
  • RTVM автоматтары
  • Кассалар
  • Арнайы агенттік пункттері

Көліктік карталарының жарамдылығы 5 жыл. Кепілдік уақыты 2 жыл. Енгізген тарифтік жоспарыңыздың жарамдылығы 3 ай. Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін қолданылмаған жол жүру жеңілдігі жойылады.

нұсқаулық

Карталарды арнайы автоматтандырылған терминалдар, сондай-ақ веб порталдар арқылы толтыруға болады.

60 минут ішінде жедел қоғамдық көліктерден екіншісіне ауысып отырсаңыз да, тегін жол жүру мүмкіндігі беріледі.

Толық ақпаратты «Астана LRT» сайтынан білуге болады.

ДереккөзАстана LRT

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да