«Қазақ елі» анимациялық фильмі Барселонада көрсетіледі

Аталмыш фестивальде 20 Азия елдерінің 80-ге жуық фильмдері көрсетіледі. Оған Қытай, Корей, Иран, Филиппин, Сингапур, Ауғаныстан, Жаңа Зеландия, Таиланд, Малайзия және Вьетнам елдерінің фильмдері қатысады. Сонымен қатар, фестиваль шеңберінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» және Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» тарихи туындылары, сонымен қатар Асқар Ұзабаевтың «Жол» драмасы мен Мұрат Маханның дебюттік «Сот орындаушысы» фильмі көрсетіледі.

Ал «Қазақ елі» анимациялық фильмінің халықаралық кинофестивальдерде көрсетіліп, кеңінен насихатталу жұмыстарын Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жүзеге асырады.

«Фильм халықаралық аренада — сонау Испанияда көрсетілетініне қуаныштымын. Бұл мультфильмді біз ең біріншіден балаларға арнап жасадық. Картинада бостандық пен тәуелсіздік үшін күрес жолында қазақ елінің басын қалай біріктіргендігі жайлы әңгімеленеді.Сондықтан испандық көрермендер де еліміздің бай тарихымен танысатын болады», — деді фильмнің режиссері Батырхан Дәуренбеков.

Естеріңізге сала кетсек, жасалуында 2-D және 3D-технологиялар пайдаланылған «Қазақ елі» анимациялық фильмі үстіміздегі жылы мамыр айында көпшілік назарына ұсынылып, кинотеатрлардан көрсетілген болатын. Елбасы да «Қазақ елі» анимациялық фильмін арнайы көріп, оң бағасын берген болатын.

Дереккөзtengrinews.kz