Басты бет Жаңалықтар Медицина қызметкерлері Ержан Бабақұмаровқа мәселелерін айтты

Медицина қызметкерлері Ержан Бабақұмаровқа мәселелерін айтты

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров №4 аурухананың ұжымымен кездесті. Бұл кездесуге медицина мекемесі қызметкерлерінің бірнеше өтініші себеп болды.  

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Ұжым бұған дейін аурухана басшылығынан еңбекақы, сыйақы, басқа да ынталандыру төлемін төлеуді, қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтуды, қала сыртында тұратын жұмысшылардың карантин кезінде қала аумағында тұруына жағдай жасауды талап еткен.

Ержан Бабақұмаров аурухана қызметкерлері айтқан барлық мәселені тыңдады. Кездесуде медбикелер, травматолог дәрігерлер, дәрігер-сарапшылар және басқалар ұсынысын айтты.

Ержан Бабақұмаров пен Тілеухан Әбілдаев
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version