Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев: Мұқтаж елдерге көмектесу — міндетіміз

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мұқтаж елдерге көмектесу — міндетіміз

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы Continental Logistics серіктестігінің көлік-логистика орталығына барып, 6 мың тоннадан астам азық-түлік қоймасын аралап көрді.

Фото: Akorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан аумағында көлемі 222 мың шаршы метр болатын барлығы жеті логистика кешені мен 37 мың тонна азық-түлік сақтай алатын тағы сонша көкөніс қоймасы бар.

Кешенде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу шарасы туралы мәлімет берді. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров көкөніс, бидай мен ұн жеткізу жайын баяндады. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов азық-түлікке қатысты қаладағы қазіргі жалпы ахуал жөнінде есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке өңір әкімдерімен бірге азық-түлікті қымбаттатпауды, алыпсатарлыққа жол бермеуді, тұрақтандыру қорларын толықтыруды тапсырды.

Бұл — өте маңызды жұмыс. Халқымызды азық-түлікпен қамтамасыз ету — басты міндет. Осы бағытта дұрыс жұмыс жүргізу керек, — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Орталық Азия мемлекеттері жәрдем сұраған жағдайда Қазақстан оларға ынтымақтастықтың белгісі ретінде тиісті көмек беруге әзір.

Орталық Азиядағы көрші мемлекеттерге гуманитар көмек беруге дайынбыз. Қазақстан — аймақтағы көшбасшы ел. Сондықтан осындай қиын-қыстау кезеңде мұқтаж елдерге көмектесу — міндетіміз, — деді Президент.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version