Ауру жұқтырған медицина қызметкерлерінің 67-сі науқастарға және коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен жатқызылған адамдарға көмек берумен тікелей айналысқан.
Олардың біреуі ауыр жағдайда, 7%-і немесе тоғызы орташа ауыр жағдайда, 57-cінің ауруы жеңіл, симптомсыз, — деді Айжан Есмағамбетова.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 28 медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді.