Басты бет Жаңалықтар Боксқа оралуыма Головкин себеп болды — Мэнни Пакьяо

Боксқа оралуыма Головкин себеп болды — Мэнни Пакьяо

Атақты Мэнни Пакьяо ұлыбританиялық Daily Mail басылымына берген сұхбатында сәуір айында бокстағы мансабын тоқтататыны туралы жариялағаннан кейін неліктен рингке қайта оралғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Келл Бруктің жекпе-жегін көрген Пакьяо боксқа оралу туралы шешім қабылдады.

«GGG-дің Брукпен қалай жекпе-жек өткізіп жатқанын көріп отырып, аяқ асты қамығып, өзімді жалғыз сезініп қалдым. Мен үнемі енді ринге шықпайтынымды ойлап жүретінмін. Менде әлі де жылдамдық, соққы күші мен ынта бар. Сосын өзіме сұрақ қойдым: «Неге мен жекпе-жектерімді жалғастыра бермеймін?».

Айта кетейік, 5 қарашада Лас-Вегаста Пакьяо америкалық боксшы Джесси Варгаспен кездесу өткізеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version