Басты бет Қоғам Қызылордада жылжымалы мобайл пошта қызметі іске қосылды

Қызылордада жылжымалы мобайл пошта қызметі іске қосылды

Мобайл пошта коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында жасы 65-тен асқан қала тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға зейнетақыларын мекенжайы бойынша жеткізуді қолға алды.

Иллюстрация: Dribbble.com ©Justas Galaburda

Өтінім жеке куәлік мәліметін Whatsapp желісіне жолдау арқылы тіркеледі. Табыстау барысында міндетті түрде азаматтардың жеке тұлғасы анықталып, тексеріліп беріледі.

Ауыл әкімдіктерімен келісе отырып, кесте бойынша елді мекендердегі тұрғындарға да қызмет көрсетіледі. Ауылдағы тұрғындарға жылжылмалы пошта автокөлігінен қаржы-банк қызметтері көрсетіледі.

Мобайл пошта, Қызылорда
Фото: Қызылорда әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта мобайл топ қажет техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Шараға волонтер топтар да қосылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version