Перуашев, Нығматулин, Көшербаевтар мемлекеттік орденмен марапатталды

«Отан» орденімен Шығыс қазақстан облысындағы ЖШС «Камышинское-2» директоры В.И. Акулов, жазушы А.У. Әшімов және композитор Ескендір Хасанғалиев марапатталды. Ал “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев” орденімен Президент Әкімшілігінің басшысы  Нығматулин және Кызылорда облысының әкімі К.Е. Көшербаев марапатталды.

«Барыс» 1 дәрежелі ордені — Парламент сенатының депутат Алтынбаев, «Барыс» ІІ дәрежесі — Парламент мәжілісінің депутаты  Перуашев,  Л.Гумилева тындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры  Сыдықов, «Барыс» ІІІ деңгейі — Қазақ ұлттық өнер университетінің профессор Әбілов,  Қ. Жұбанова атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университетінің профессор   Айталы, Қызылорда облысының ЖШС «Жаңа жол» директоры  Әбішев, АҚ «Орта-азиялық электроэнергетикалық корпорациясы» директорлар кеңесінің төрағасы А.Я. Клебанов, «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» төрағасы  Кұсайнов, Шығыс Қазақстан облысындағы ЖШС «Агрофирма» «Приречное»директоры Тұманбаев ие болды.

Ал «Парасат»  орденімен әнші Н.Абдуллин, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жасөспірімдер және балалар театрының әртісі Л.Кәден, АҚ “Назарбаев Университет” президенті Катсу Шигео, академик У.К. Мәдиев, Оңтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Ж. Мауленқұлов,  М,Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Р.Машурова, продюсер К.К. Шалабаев мараптталды.

“Достық”  орденінің   2-дәрежесін  «Қазақстан театр шығармашылық одағының президиум төрағасы Т.Қ. Жаманқұлов. “Корё” Жамбыл облыстық корей  ассоциациясының президенті  Л.А.Кан,  Дүнген қазақстандық қоғамның басқарма мүшесі Ш.Х. Хахазов және т.б.

«Құрмет» орденімен Алматы облысының “Қапшағайауырқұрылыс” АҚ бас директоры Айсауытов М., “Простор”  журналының редакторы Шашкова Л.К. және бірқатар облыстық оқу орындарынығ қызметкерлері мен кәсіпорын жетекшілері марапатталды.

Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  3 азаматқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын табыс етті. «Биыл «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен кен өндірісінде жұмыс істеген, өз кәсібінің үздік маманы ретінде Ришат Әміренов марапатталды. Және фосфор өндірісімен тікелей байланысты Мұқаш Искандиров және Борис Князов  ие болды.

“Еңбек Даңқы” ІІІ деңгейін ауылшаруашылықта, құрылыста, өндірісте және басқа да сала бойынша алғашқы жұмыс істеген 52 жұмысшыға берілді.   “Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi”  атығы ғылым, мәдениет және әлеуметтік саланың 50 шақты өкіліне берілді. Қазақстан Республикасының мақтау қағазымен 326 адам марапатталды.

«Даңқ» I және II деңгейі,»Айбын» I, II және III деңгейі, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары еліміздің борышын қорғап, қауіпсіздігіне жауап беріп жүрген әскери қызметкерлерге берілді.

Дереккөзstan.kz