Басты бет Жаңалықтар Шымкентте көп балалы отбасы баспанасыз қалған

Шымкентте көп балалы отбасы баспанасыз қалған

Көп балалы Ділбар Құттыбай Шымкентте пәтер жалдап тұрады. Балалар көшедегі пластик бөтелке жинаумен күнелтеді. Бұл туралы Central Asian порталы хабарлады.

Сурет видеодан түсірілді

Ділдар Құттыбайдың айтуынша, олар басында Арыс ауданында тұрған. Күйеуі қайтыс болып кеткен соң, қайын інісі өзі тұратынын айтып, алты балалы ананы үйден шығарып жіберген. Баспанасыз қалған ана амалсыз Шымкентке көшіп келеді. Қазір айына 5 мың теңгеге пәтер жалдап тұрады. Ділдардың айтуынша, бес бала үшін әлеуметтік көмек алады. Алтыншы баласы үлкен, 18-ге толып кеткен. Ол жұмыс істеп, күніне 2-3 мың теңге табады.

«Қазір тұрып жатқан жерімізде я су жоқ, я свет жоқ. Суымызды кесіп тастаған. Светімізді тағы да кесіп тастады. Не істерімізді білмеймін»,-деді көп балалы ана.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version