Төтенше жағдай кезінде медициналық-әлеуметтік сараптама қалай жүргізіледі?

2020 жылдың 31 наурызынан бастап Қызылордаға көліктің барлық түрінің келуіне және шығуына тыйым салынды. 1 сәуірден бастап теміржол қатынасына шектеу қойылды. Бұл шаралар Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылдың 15 наурызындағы №285 Жарлығына және Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 30 наурызындағы №4 Қаулысына сәйкес халық арасында COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында орындалды.

Осыған орай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік еңбек саласында мемлекеттік қызмет көрсету және халықтың кейбір санатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен төтенше жағдай кезінде қамтамасыз ету туралы» 2020 жылдың 25 наурызындағы №109 бұйрығына сәйкес «Мүгедектікті және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және (немесе) қажет әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде сырттай куәландыру форматында көрсету механизмі қарастырылды.

Мемлекеттік қызмет Еgov.kz веб-порталының «Электрон жүгіну» қызметі арқылы көрсетіледі.

Сонымен «Мүгедектікті және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және (немесе) қажет әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметі медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде 2020 жылдың 1 cәуірінен бастап сырттай куәландыру форматында өткізіледі. Демек, қажет құжаттардың нысандарын электрон түрде жолдау арқылы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне келместен жүргізіледі.

Бұған қоса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осы инфекцияның профилактикасы мақсатында тұлғаларға төтенше жағдай кезінде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне кезекті куәландыруға мерзімінде келмеген жағдайда мерзімін өткізген кезең 2020 жылдың 16 ақпанынан бастап есептеледі. Биыл 20 мамырға дейін кезекті куәландыруға мерзімінде келмеген жағдайда мерзімін өткізген кезең 2020 жылдың 16 ақпанынан бастап есептеледі.

Сонымен, төтенше жағдай кезеңінде медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссияларымен тұлғалардың қажет құжаттары медициналық-әлеуметтік сараптамаға электрон түрде сырттай куәландыруға жолданады.