Алмалы ауданын дамытуға 30 млрд теңге инвестиция жұмылдырылды

Форум барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов Алматының әрбір ауданы ерекше болып келетіндігін, сол себепті биыл аудандық деңгейде салалық инвестициялық форум тәжірибесін енгізіп жатқандығын айтып өтті.

«Бүгінгі күні басты тақырып шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. ШОБ-тың әрбір бесінші субъектісі Алмалы ауданында тіркелген – олар шамамен  50 мыңдай. Ол Батыс Қазақстанмен(47 мың), Қызылорда (47 мың) және Солтүстік Қазақстан облысымен (38 мың) салыстырғанда көп» — дейді қала әкімі орынбасары.

Алмалы ауданының бірінші инвестициялық форумы аясында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы мен «VINCI Construction Grands Projets» француз компаниясы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды. Алмалы ауданына ағымдағы жылдың 7 ай ішінде шамамен 30 млрд теңге инвестиция жұмылдырылды.

Айта кетеік, инвестициялық форум — атқарушы билік органдары мен облыстың іскерлік қоғамдастықтары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа форматы. Аталмыш іс-шара егеменді еліміздің тарихында ерекше орын алған алып шаһар Алматыны қадірлеу, мақтан тұту, 1000 жылдық тарихына үңіліп, болашаққа бастар жолда Тәуелсіздіктің алтын бесігі — Алматыны көркейту мақсатында ұйымдастырылып отыр.