Басты бет Жаңалықтар Алматыдағы халықаралық көрмеге 200-ге жуық компания қатысты

Алматыдағы халықаралық көрмеге 200-ге жуық компания қатысты

Алматыда «Көлік және логистика - ЕЭО елдерінің шағын және орта бизнес кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілік факторы» деп аталатын бесінші мерейтойлық Алматы бизнес-форумы аясында халықаралық «EXPO-RUSSIA KAZAKHSTAN-2016» өнеркәсіптік көрмесі өтті.

Көрмеге дәстүрлі, атом және балама энергетика, мұнайхимия және газ өнеркәсібі, машина жасау, көлік, медицина және фармакология, телекоммуникация және байланыс, ауыл шаруашылығы, жоғары және орта кәсіптік білім беру салаларындағы инновациялық әзірленімдер қойылған. Шара барысында Алматы сауда және инвестиция палатасының бас директоры Мұхтархан Бияров көрменің маңыздылығын атап өтті.

«Бұл көрме осымен жетінші рет өткізіліп жатыр. Онда Ресей мен Қазақстанның тауар өндірушілерінің өнімдері қойылған. Бұл форум және көрме Қазақстанның шағын және орта бизнес өкілдеріне өздеріне сенімді серіктестер табуға септігін тигізеді деген үміттемін», — деді  Мұхтархан Бияров.

Ресей Федерациясының Қазақстандағы сауда өкілі Александр Яковлев көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, ол екі ел арасында сауда-экономикалық байланыстардың нығайып жатқандығын жеткізді. Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында 70-тен астам көрмелер өтіп жатса, оларға қатысушылардың 30-40 пайызы — ресейлік компаниялар. Ал бүгінгі көрмеге Ресейден 150-ден астам компаниялар қатысты.

Іс-шара Алматының 1000 жылдық тарихына үңіліп, болашаққа бастар жолда Тәуелсіздіктің алтын бесігі — Алматыны көркейту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version