Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы бір адам қайтыс болды

Фото: Repubblica.it

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанның 50 жастағы тұрғыны қайтыс болды.

Өкінішке қарай, 31 наурызда бір адам қайтыс болды. Оны 21 наурызда жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жатқызған. Науқас бір ай бойы ауырған. Жұмысы жеке іссапарлармен байланысты. Ол дәрігерге қаралмаған. Марқұммен жақын қатынаста болған 31 адам ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлады Сәуле Қисықова.

Сонымен бірге марқұммен байланыс жасаған тағы 55 адам үй карантиніне жатқызылды. Қайтыс болған адамның туыстарының екеуінен коронавирус анықталды.

Бұған дейін коронавирус инфекциясынан Ақмола облысының тұрғыны қайтыс болған еді. Сөйтіп коронавирус құрбандарының саны екеуге жетіп отыр.

Кейінгі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны — 325. Аурудан 21 адам жазылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version