Есентаевтың ісі Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде, алқа билердің қатысуымен өтті.
Оған бірнеше қылмыстық бап бойынша адам өлтіруге оқталды, сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық көрсетті деген айыптар тағылған еді. Судья істі қорытындылай келе, Бақытбек Есентаевты 9 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу үкімін шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, Баян Есентаева күйеуінің үстінен жазылған арызын қайтарып алған еді.