Қызылорда облысының бұрынғы әкімі үйде қамауға алынды

2020 жылдың 28 наурызында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда мамандандырылған тергеу сотына сол кездегі Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысы үйде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш берген. Агенттік экс-әкім «аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады» деген күдік келтірген. Бұл — Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы.

Сараптама нәтижесінде күдікті Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақовқа қатысты үйде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш қанағаттандырылды. Бұлтартпау шарасының мерзімі — 2020 жылдың 26 наурызындағы 22.28-ден 2020 жылдың 26 мамырындағы 22.28-ге дейін, — деп хабарлады Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны туралы ақпарат бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған. Ол Қызылорда облысын 2019 жылдың маусымынан бері басқарды.

Жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев Қуанышбек Ысқақовты қызметінен босатып, орнына Гүлшара Әбдіқалықованы тағайындады.