Басты бет Жаңалықтар Коронавирустың Қазақстанда таралу статистикасы. 30 наурыз

Коронавирустың Қазақстанда таралу статистикасы. 30 наурыз

Қазақстан өңірлерінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны сағат сайын артып жатыр. Инфекция анықталған адамдар туралы жаңа мәліметті осы жерге жазып отырамыз. Арагідік жаңартып қоюды ұмытпаңыз.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Сағат 18.50-дегі мәлімет:

Коронавирус жұқтырудың 8 жаңа жағдайы тіркелді: Нұр-Сұлтанда бір адам, Қарағанды облысында 6 адам, Алматы облысында бір адам.

Анықталған жағдайлардың жалпы саны 302-ге жетті.

Нұр-Сұлтан — 168;

Алматы — 73;

Шымкент — 2;

Ақмола облысы — 9;

Ақтөбе облысы — 2;

Алматы облысы — 8;

Атырау облысы — 12;

Шығыс Қазақстан облысы — 2;

Жамбыл облысы — 3;

Батыс Қазақстан облысы — 2;

Қарағанды облысы — 13;

Қызылорда облысы — 5;

Маңғыстау облысы — 1;

Павлодар облысы — 1;

Солтүстік Қазақстан облысы — 1.

Жұқпалы аурудан жазылғандардың саны — 21. Нұр-Сұлтанда 14, Алматыда жеті адам ауруханадан шықты.

Бір адам коронавирус құрбаны болды.

Сағат 12.45-тегі мәлімет:

Алматы облысында бір жағдай тіркелді.

Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 294 болды.

Сағат 11.10-дағы мәлімет:

Коронавирусты жұқтырған тағы тоғыз адам тiркелді: Алматыда үш адам, Қызылорда облысында үш адам, Ақмола облысында үш адам. Сөйтіп науқастар саны 293-ке жетті.

Сағат 00.20-дағы мәлімет:

Республика бойынша науқастардың жалпы саны 284 болды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version