28 наурызда сағат 22.00-де Нұр-Сұлтанда 18 адам, Алматыда бір адам, Ақмола облысында бір адам коронавирус жұқтырғаны анықталса, 29 наурыз, сағат 00.50-де Алматыда науқастардың қатары тағы біреуге көбейді.
Кейінгі мәлімет бойынша Қазақстанда барлығы 229 науқас тіркеліп отыр:
Нұр-Сұлтан — 135 адам,
Алматы — 60 адам,
Қарағанды — 7 адам,
Ақмола облысы — 6 адам,
Атырау облысы — 5 адам,
Жамбыл облысы — 3 адам,
Шымкент — 2 адам,
Шығыс Қазақстан облысы — 2 адам,
Алматы облысы — 4 адам,
Ақтөбе облысы — 1 адам,
Солтүстік Қазақстан облысы — 1 адам,
Павлодар облысы — 1 адам,
Маңғыстау облысы — 1 адам,
Қызылорда облысы — 1 адам.
Республика бойынша аурудан жазылғандардың қатары 18-ге жетті.