Леффер әлеуметтік желілердегі парақшалардағы қолданушылардың сұрақтарына жауап беру барысында, GGG жоспарына ешқандай өзгеріс енгізілмегенін, ол 2016 жылы рингке 3 рет шығатытын айтты. Ол Головкиннің бокстағы ең белсенді әлем чемпионы екенін де ескертті. Егер Сауль «Канело» Альвареспен кездесетін болса, екі жекпе-жек қана өткізілетін болады.
Еске сала кетейік, 15 желтоқсанда Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің арасындағы жекпе-жекке қатысты шешім шығарған болатын. Тараптардың өзара мәмілеге келуіне 31 мамырға дейін уақыт берілді.