Басты бет Жаңалықтар Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысына әкім болды

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысына әкім болды

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Президенттің бұл туралы жарлығы Ақорда сайтында жарияланды. 

Гүлшара Әбдіқалықова. Фото: Akorda.kz

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын, — делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Мемлекет басшысының жарлығымен Қуанышбек Ысқақов Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұған дейін ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде оның ұсталғаны туралы хабар тараған еді.

Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы Қызылорда облысында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасынның аға инспекторы болып бастады.

Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, вице-министрі, «Мемлекеттік аннуитет компаниясы» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демография саясаты жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы, Президент кеңесшісі, ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалғанға дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетін басқарды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version