Басты бет Фотогалерея 21 жастағы студент «Көкшетау аруы-2015» атанды

21 жастағы студент «Көкшетау аруы-2015» атанды

9 қараша күні Көкшетауда қаланың ең сұлу аруын таңдады.

NIK_0318

Әу бастан өз күштерін сынауға 100-ден астам ару келген. Олардың тек 12-сі ғана ақтық сынға өтті. Айта кетерлігі, ең сұлу атанғысы келетін арулардан ешқандай көрсеткіштер талап етілмеді. Жеңіске деген құлшыныс және өзін көрсете білу – басты шарттардың бірі болды.

Дайындықтар іс-шара басталмай тұрып, қызу жүріп жатты: қыздар боянып, өздерін ретке келтіруі тиіс болды. Біреулері өз күшімен боянса, екіншілері кәсіби шеберлердің көмегіне жүгінді.

Жергілікті теледидар тәжін келесі жеңімпазға табыстауға келген байқаудың бұрынғы жеңімпазынан сұхбат алды.

«Көкшетау» мәдениет сарайының залы келушілерге лық толы. Байқауға қатысушылардың жақындары қолдау көрсету үшін жиналған.

Қатысушылар біртіндеп өзін таныстыруға кірісті. Кей арулар тек жеңіс үшін келгендерін айтып жатты.

Байқаулардың бірінде бойжеткендер джинсы мен футболка киді.

Арулар киінгенше сахнада танымал Көкшетау әншісі Яна Хабибуллина өнер көрсетті.

Келесі кезең – жергілікті «Арман» тігін фабрикасының киімдерімен дефиле көрсету. Байқаудың бұл кезеңі «Көкшетауда жасалған» деп аталады.

Келесі кезеңге дайындық уақытында ұтыс ойындар ұйымдастырылып, көрермендердің бірі шаш бұйралайтын құрал (плойка) ұтып алды.

Ең соңғы кезең – кеш көйлегімен дефиле.

Көкшетаудағы «Қазақстан аруы» жергілікті өкілі Наиля Сейдалина барлық қатысушылар мен келушілерге алғысын жаудырды.

Байқаудың шешуші сәтінде Сейдалина жеңімпаздың есімін жария етті. «Көкшетау аруы-2015» атағы мен тәж Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ студенті 21 жастағы Жанна Хайрулинаға бұйырды. Бойжеткен Германияда білім алуды армандайды екен. Ал бүгінде оның тағы бір арманы орындалған сыңайлы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version