Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков телефонмен сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков телефонмен сөйлесті

Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президентіне алғысын білдірді.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшылары коронавирус індетінің таралу жағдайында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауға бағытталған шараларды талқылады деп хабарлайды Ақорда.

Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан азаматтарының еліне оралуына, сонымен қатар қазақ-қырғыз шекарасы арқылы жүк тасымалына көрсеткен көмегі үшін Қазақстан Президентіне алғысын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесіне Қазақстанның бауырлас қырғыз халқына одан әрі көмектесе беретінін жеткізді.

Әңгімелесу барысында еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі егін науқаны кезінде су ресурсын бірлесіп пайдалану мәселесі талқыланды.

Барлық мәселені жедел шешу үшін екі елдің Үкіметіне тиісті тапсырмалар берілді. Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version