Бұл туралы Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқарма басшысы Сүлен Ілиясов айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Туыстарының айтуынша, Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны коронавирус жұқтырғандармен байланыспаған, шетелге шықпаған. Бірақ 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шуға жол жүрген.
Әйел Алматыға құдалыққа барған. Сонымен қатар Шуға да жол жүрген. Барлығында пойызбен жүріп, жеке тұрғын үйде қонған, — деді Сүлен Ілиясов.
Сүлен Ілиясов әйелдің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.